Роснефть
«Роснефть» мұнай компаниясы жария акционерлік қоғамы — ресейлік мұнай саласының көшбасшысы және әлемдегі ең ірі жария мұнай компаниясы. Компанияның негізгі қызмет түрлері: көмірсутек кен орындарын іздеу және барлау, мұнай, газ, газ конденсатын өндіру, теңіздегі кен орындарын игеру жобаларын іске асыру, өндірілген шикізатты қайта өңдеу, мұнайды, газды және олардың өнімдерін Ресей аумағында және одан тыс жерлерде сату. Компания Ресейдің стратегиялық кәсіпорындары тізбесіне енгізілген. Оның негізгі акционері (акциялардың 40,4%-ы) — мемлекетке 100% тиесілі «РОСНЕФТЕГАЗ» АҚ, акциялардың 19,75%-ы BP Russian Investments Limited компаниясына, 18,46%-ы QH Oil Investments LLC компаниясына тиесілі, бір акция мемлекетке Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік тұлғасында тиесілі. Компанияның миссиясы — Ресейде және шетелде жобалар шеңберінде энергетикалық әлеуетті тиімді іске асыру, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау.