КӘр көлікке күтім қажет, сондықтан қажетті құралдарды немесе жол ережесі бойынша міндетті заттарды сатып алып, барлығын жүксалғышқа жинайды. Бүгін бір нәрсе керек, ертең басқасы, қазіргі өмір ырғағында әр жолы бәрін жаңадан жинау қиын, ал жүріс кезінде онда бәрі астын-үстін болып кетеді. Сондықтан жүксалғыш көліктегі шу мен кірдің көзіне айналуы мүмкін. Барлығын бір жерге жинап, бірдеңе қажет болғанда алып\кері салған ең ыңғайлы. Жылдам әрі сенімді тәсіл.
Барлығын «қайда» жинауға орын таңдаумен әуреленудің қажеті бар ма?
Иә. Өйткені бір рет жасағаны оңай жүксалғышқа арналған органайзер сатып алу, пакеттерді үнемі орап, ауыстырып жүргеннен гөрі. Кофр, яғни жүксалғышқа арналған органайзер – жүксалғышта заттарды ұқыпты әрі қауіпсіз орналастыруға көмектесетін көлік аксессуары. Көбіне ол іші қалқалармен бірнеше бөлімге бөлінген сөмке немесе жәшік тәрізді болады. Көптеген үлгіде әр бөлім өз қақпағымен жабылады, дегенмен толық ашық нұсқалар да кездеседі. Қазіргі уақытта көлік керек-жарақтарын сақтауға арналған органайзерлердің бірнеше танымал түрі бар:
1.Тор
Құрылымы өте қарапайым. Әдеттегі тор керіліп, жүксалғыштың түбіне немесе екінші қатар орындықтардың арқалығына бекітіледі. Арзан нұсқа, бірақ бірдеңе төгілсе, салонды құтқармайды, оның үстіне оңай жыртылып кетуі мүмкін. Үлкен қораптарды бекітуге жарайды.
2.Полипропиленнен жасалған шаршы органайзер
Сыйымдылығы жаман емес. Іздесеңіз, арзан бағамен табуға болады, бірақ формасын толық толтырғанда ғана сақтайды. Кейбір үлгілерде жабысқақ таспалары әлсіз, ал төменде кілемшелер болса, жүксалғышта домалап жүреді. Қақпағы жоқ.
3.Үш бөлімді үлкен органайзер
Сыйымдылығы үлкен. Бірақ оның әлсіз құрылымына бірден назар аударайық. Бұл, әрине, оны шағын көлікке де сыйғызуға мүмкіндік береді, бірақ ауыр ештеңе салуға болмайды, қабырғалары бірден майысады. Және оның төменгі және бүйір жабысқақ таспалармен бекітілетінін ескеріңіз. Бұл үлгіде де қақпақ жоқ, тұтқалары ыңғайлы болғанымен, түбі жыртылмаса болғаны.
4.Артқы диван арқалығына арналған органайзер
Бұл сақтау орнын органайзер деп атайды, дегенмен ол көпфункционалды қалтаға көбірек ұқсайды. Кішкентай балаларыңыз болса, алдыңғы орындықтардың арқалығына арналған мұндай үлгілерді көргенсіз. Оған үлкен заттарды салу қиын, саны да қатты шектеулі. Жүксалғышта негізінен ұсақ заттар болса, ыңғайлы болады. Көбіне материал ретінде экобылғары немесе полипропилен қолданылады. Бірдеңе ақса, полипропиленді машинада жууға, ал экобылғарыны майлықпен сүртуге болады.
5.Органайзер-сөмке
Балықшылар арасында өте танымал үлгі. Жабылатын қақпағы бар, сондықтан жүріс кезінде ештеңе түсіп кетпейді және салонда домалап жүрмейді. Қаңқасы мен материалы жұқа, сенімсіз көрінеді. Тұтқалары бүйірінен материалдың өзіне тігілген. Клиенттердің пікірлерінен тігістердің өте жұқа екенін байқауға болады. Онда өткір немесе ауыр заттарды тасымалдауға болмайды, бірақ ұсақ қораптар мен банкаларды салуға болады, бұл өте ыңғайлы. Түбінде картон болмаса, қаласаңыз, кір жуғыш машинада жууға болады. Қолдануға оңай, сыртқы түрі де өте қарапайым.
6. Трокот органайзері
Материалдың екі түрі бар: экобылғары немесе микровелюр. Қаңқасы берік әрі сенімді, 15 кг-ға дейінгі салмаққа шыдайды. Өлшемі 30х50х30. Қақпағы жабысқақ таспамен бекітіледі, сондықтан ішіндегінің бәрін сенімді ұстайды. Тұтқалары бүйірінде орналасқан және органайзердің қаңқасына кіріктірілген, сондықтан жыртылмайтыны анық. Материал тозуға төзімді, бірдеңе болып қалса, дымқыл майлықпен немесе губкамен сүртіп алуға болады. Егжей-тегжейлі құрастыру нұсқаулығы бар (Трокот компаниясының арнасында бейне бар). Стильді, сыйымды және 1 жыл кепілдігімен. Қаласаңыз, оны тапсырыс бойынша кез келген кестемен қосымша әшекейлеуге болады. Түстер палитрасы кең – 15 реңк.
Органайзерді таңдағанда мыналарға назар аударыңыз:
-жүксалғышыңыздың өлшемі
-мақсаты, онда нақты не тасымалдайтыныңыз
Әркім өз талғамына қарай таңдайтынына қарамастан, жүксалғышқа арналған сөмке немесе органайзер шынымен керекті әрі пайдалы зат екенін айту керек. Сондықтан көлігіңіздің жүксалғышындағы тәртіпсіздіктен құтылғыңыз келсе, сондай-ақ интерьерді стильді әрі оригинал аксессуармен толықтырғыңыз келсе, ең тиімді шешім – сапалы органайзер сатып алу.
Органайзер Трокот стильді, ең бастысы – сенімді жасалған. Жүксалғышты әр ашқан сайын дұрыс таңдау жасағаныңызға көбірек көз жеткізу үшін сапалы өнімді таңдаңыз!